Өрттің зор шығынға ұшырататындығы білім беру мекемелері басшыларына өртқауіпсіздігі, өрттен сақтануды насихаттау мен балалар мен жасөспірімдерді өрт қауіпсіздігі шараларына үйретуді жүзеге асыруға өте жауапты қарауды талап етеді. Өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес білім беру мекемесі басшысының міндеттері: Ережелердің орындалуын қамтамасыз ету және белгіленген өрттен сақтану тәртібіне бақылау жасау, нұсқалған кемшіліктерді жою үшін шара қолдану; Өрт қауіпсіздігі ережелерін оқытып-үйретуді және өрттен сақтану нұсқаулық шараларын өткізуді ұйымдастыру; өрт кезіндегі эвакуация жоспары мен адамдарға хабарлаудың тәртібін әзірлеу және бекіту (мектептің әр қабатында мекемеден шығудың негізгі және қосымша жолдары көрсетілген эвакуация схемасы ілінуі тиіс); эвакуация жоспарын меңгеріп алуға қатысты практикалық сабақтарды кем дегенде жарты жылда бір рет өткізу. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мыналар қажет: өрт сөндіргіштердің бар-жоғын және дұрыстығын, іші өрт жүйелерін тексеру; мектеп ауласындағы люкке өрт гидранттарының еркін таяп келуін қамтамасыз ету; мектептің энергия қауіпсіздігі бойынша шараларын қамтамасыз ету. Осы шаралар кешенін орындау үшін мекеме басшысы қажетті әдебиетпен («Тұрмыстық қызмет қауіпсіздігіне жауапкершілік», «Балаларға білім беру мекемесіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін үйрету жөніндегі әдістемелік ұсынымдар» және «Білім беру мекемесіне арналған өрт қауіпсіздігі ережелері») қамтамасыз ете отырып, өрт қауіпсіздігіне жауап беретін адамды тағайындауы керек. Мектептің жедел эвакуацияға даярлығын тексеру маңызды: дабыл (дыбыстық сигнал беру қондырғысын қосу); өрттен қорғау, ТЖМ органдарын, дәрігерлік жедел жәрдемді, полицияны шақыру; мектепті эвакуциялау (дабыл бойынша мұғаліммен бірге ілесе оқушылар бір-бірден тізбектеле кабинеттерден шығып, эвакуация бағытымен жиналу пунктіне беттейді); мектептің күллі құрамы арнайы белгіленген оқшау жерге жиналады; түгендеу (оқушылар мен мектеп қызметкерлерін тексеру). Осы схема бойынша мектепті жер сілкіну қауіпсіздігіне даярлау жұмысын да жүргізуге болады.          Жаңа оқу жылының алдында ішкі жылыту жүйелерін жылыту маусымына дайындауға; мемлекеттік өрт қадағалау органы нұсқауларының орындалуына ерекше көңіл аударып, дабылдық-шақыру сигналын беру мен автоматты өрт сигналын беру жүйелерін орнату, үй-жайды алғашқы өрт сөндіру құрал-жабдықтарымен жарақтандыру алдын алу жұмыстарын  жүргізе отырып, ғимараттың өртке төзімділігін арттыру жөніндегі шараларын қабылдаған жөн.

НАШИ  КОНТАКТЫ

150800, Республика Казахстан
СКО, район Магжана Жумабаева
город Булаево, улица Мира, 8

+7 (71531) 2-08-77

mzhroo2019@mail.ru