Мектеп ешқашан демалысқа шықпайды. Сыныптар босағаннан бастап-ақ білім беру мекемесінің қызметкерлері өз күшіменмектеп ішіндегі жеңіл жөндеулерге, мердігерлік ұйымдар күрделі жұмыстаға кіріседі. Директордың, оқу және шаруашылық бөлімі меңгерушілерінің жаз мезгілінде барлық техникалық мәселелерді асықпай, салмақтап және ойластыра шешіп алуы үшін үш басты ережені бөліп көрсетуге болады. Біріншіден, бұл жауапты кезең бағдарламасын ерте бастан құрып қойған дұрыс, оқу жылы бойына ғимарат пен инженерлік инфрақұрылымның жай-күйін байқап-бақылап, ең алдымен неменеге көңіл аудару қажеттілігін жазып отыру керек. Мүның бәрі ағымдағы жөндеу бойынша жұмыс жоспарын жасауға, ең бастысы – білім беру мекемесін жаңа оқу жылына даярлауға мемлекет бөлетін ақшалай қаражатты тиімді жарату үшін қажет. Екіншіден, егер оқу жылының аяқталуын тосуға болмайтындай техникалық ақаулықтар болған жағдайда, мектеп директоры  Білім беру басқармасы техникалық қадағалау бөлімі бастығының атына хат жазады. Бұл  үй-жайдың жай-күйін  тексеруге, акт жасап, тиісті шешімдер қабылдауға себеп болады. Үшіншіден, бүкіл оқу жылы бойында мектеп қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарға ерекше назар аударған жөн.

НАШИ  КОНТАКТЫ

150800, Республика Казахстан
СКО, район Магжана Жумабаева
город Булаево, улица Мира, 8

+7 (71531) 2-08-77

mzhroo2019@mail.ru