Жылыту маусымы аяталған соң  (бұл әдетте сәуір айында болады) жылу тұтыну және жылу желілері жүйелерін даярлау бойынша шаралар кешенін белгілеп алу қажет. Абонент рөліне ене отырып, мектеп мынадай міндет алады: жылумен қамсыздандырушы ұйыммен бірлесіп өз жылу желілеріндегі  жылу жеткізушінің есептік температурасына, жылу шығынын анықтауға сынақ өткізу, сондай-ақ жылуды тұтынудың су жүйелері беріктігі мен жиілігіне тығыздау жұмысын жүргізу; абонент балансындағы жылу желісін, жылуды тұтынудың ішкі жүелерін гидравликалық тәсілмен жуып-шайқау. Ақауы болса, жүйені профилактикалық жөндеуден өткізу. Жұмыс жүргізілгеннен кейін екі тарапты объектінің жылыту маусымына даярлығын тексеру актісі жасалады. Пайдалануға жарамдылығын тексеру кезең-кезеңмен, жұмыс (аралық) актілер жасала отырып жүргізіледі. Мектептер жылу тұтыну мен жылу жүйелерін сапалы даярлауды оқу жылы басталғанға дейін орындауға міндетті. Егер тексеру нәтижесінде жүйелер күрделі жөндеуді қажет ететіні айқындалса, мектеп басшылығы жылыту жүйесіне күрделі жөндеу жүргізуге қажетті қаражат бөлу мәселесінің  дер кезінде шешілуі үшін бұл жайында тиісті органдарды, оның ішінде техникалық бақылау бөлімін хабардар етуі тиіс.

НАШИ  КОНТАКТЫ

150800, Республика Казахстан
СКО, район Магжана Жумабаева
город Булаево, улица Мира, 8

+7 (71531) 2-08-77

mzhroo2019@mail.ru