Оқу жылы аяқталысымен жылыту жүйелеріне ревизия жүргізумен қоса мектепке толық техникалық тексеру жүргізу қажет. Онда мыналардың жағдайы тексеріледі: сумен жабдықтау және канализация жүйелері; техникалық жабдықтар мен жылу құбырлары орналасқан жертөлелерді пайдалану күйіне келтіру (үй-жайды тазалау, жарық беру, бітеу және т.б.) , шатыр – тұтастай бүкіл ғимараттың қауіпсіздік жағдайына жауап беретін қажетті құрылма ретінде; жылу жоғалтуды болдырмас үшін ғимараттың сыртын өңдеу; терезе және есік ойықтарын қалыпқа келтіру, олардың да жылуды сақтаудағы мәні зор; мектептің ішкі жағын өңдеу (мектептің қаржылық мүмкіншілігін ескере отырып, бірінші кезекте жөндеуді қажет ететін үй-жайды таңдаған ләзім). Осы шаралардың барлығы мектеп қауіпсіздігінің жай-күін бағалауға, оның қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.