Электр сымдарының жай-күйіне мұқият диагностика жасау жөндеу жұмыстары басталғанға дейін жүргізілуі тиіс. Әйтпесе ғимартты өңдеу жұмысы босқа кеткен уақыт пен қаржы болып шығуы ықтимал, мұнымен қоса, әрине қосымша материалдық шығынды қажет етері сөзсіз. Сымдар диагностикасы мектеп электр желісі жағдайының дұрыстығына көз жеткізуге, қажет болған жағдайда айқас тұйықталу немесе электр тізбегінің үзілуін жөндеуге мүмкіндік береді. Кәсіптік диагностика электр кабеліне тізбектің бір нүктесінен басқа нүктесіне дейін ток тарату (қоңырау шалу??) арқылы жүргізіледі. Мектептің әр қабытында орналастырылған қалқандарды тексеру керек. Автоматтары бар щиттер құлыпталады, ал әр щиттің сыртында қауіптілігін ескертетін белгі салынады. Тағы бір маңызды жайт, мектептің тамақ бөлігіндегі тоңазытқыш және технологиялық жабдықтардың дұрыс жұмыс істеуін тексеру. Сымдарды айыруды тексерген кезде электр бауы немесе сымын оқшаулауда ақау болса, оны абайлап электр желісінен айыру керек, жалаңаштанған орынды екі-үш қабат етіп оқшаулау лентасымен ұқыптап, тығыздай орап тастау керек бұл жұмыстарды сервис қызметтерінің құзыретті және білікті техникалық қызметкерлері жүргізеді). Кабинеттердегі төбеден, құбырдан су кетіп, апат жағдайында тұрған ғимараттың арқалықтары және басқа да құрылмалары бар жерлеріндегі электр сымдары тексерілуі тиіс. Арнайы электр жабдықтары орналастырылған кабинеттерде бір ұшы жерге жерге қосылған сымның (заземление) болуы, қауіпсіздік ережелері жазылған стенд, кабинетке кіре берісте - қауіптілік туралы ескертетін плакат ілінуі керек. Мектеп электигінде ғимараттың жоспары болуы тиіс, онда щиттардың және басқа да жабдықтардың орналасуы көрсетіледі, айқас тұйықталған мен сым жанған жағдайда қажетті щитті өшіру үшін ғимараттағы электр сымдары жүргізілуінің сызбасы беріледі.