Ғимарат құрылмасында мыналарға көңіл аудару қажет: шатыр, тірек құрымалар, баспалдақтар, терезе мен есік ойықтары, едендер, жертөле үй-жайлар, қызметтік баспалдақтар, арқалықтар және басқа. Шатырдың су ағып тұрған жерлерін ерекше тексеру қажет. Құлама шатырда  атшалар дұрыс бекітілуі тиіс. Шатыыр жұмсақ болатын болса, бүкіл кеңістік жылытылып, битум құйылғанын және орам материалдармен жабылғанын қарау қажет. Ішкі суағарлардың бітеліп қалмағынына көз жеткізген жөн, өйткені көп жағдайда су ағудың солар себепшісі жиі болып келеді. Тірек құрылмалар бүкіл ғимараттың  тұтастығына жауап береді, сондықтан әр түрлі сипаттағы жарылулардың  бар-жоғын тексерген дұрыс. Жарылуларды нақты бағасын  тек мамандар ғана бере алады. Баспалдақтар да тірек құрылмалар секілді тексеріледі. Басқыштар мемлекеттік стандартқа сәйкес болуы тиіс. Басқыштар қанатында ақаулар болса, жөнделеді немесе жаңасымен ауыстырылады. Терезе және есік ойықтары ерекше  ревизияны қажет етеді. Барлық жарма терезелер мен есік полотносында (төсемдерінде???) төтенше  оқиғалар кезінде ғимаратты желдету мүмкін болатын тұтқа болуы тиіс. Асхананың желдету жүйесі, сондай-ақ жабдықтардың қауіпсіздігі мен спорт құрылымдары міндетті түрде тексеріледі. Үй-жайдағы шіріген еден әр түрлі микробтар мен кеміргіштердің пайда болуына себепші болады, бұл эпидемиологиялық проблемаларға әкеп соғары мәлім. Қызметтік баспалдақтар СНжЕталаптарына сай болуы, оған кіру әрқашан еш кедергісіз ашық болуы керек. Көптеген жалпы білім беретін мекемелер 15 және одан да көп жыл бұрын салынған, демек бұл ғимараттарлың құрылмасы, әсіресе арқалық тақталары (әдетте олар жылытылмайды да,  жылу шығынын көп болады) күшейтуді талап етеді.

НАШИ  КОНТАКТЫ

150800, Республика Казахстан
СКО, район Магжана Жумабаева
город Булаево, улица Мира, 8

+7 (71531) 2-08-77

mzhroo2019@mail.ru