1-бөлім. Жалпы ережелер

  1. Осы Нұсқаулық 2020-2021 оқу жылында коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу іс-шаралары кезеңінде 9 (10) сыныптар үшін негізгі орта білім беру және 11 (12) сыныптар үшін жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды (бұдан әрі – Нұсқаулық).

2. Қорытынды аттестаттау орта білім беру ұйымдарында санитариялық қауіпсіздік шаралары қатаң сақтала отырып, мынадай нысандарда және белгіленген мерзімдерде өткізіледі:

9 (10) сынып білім алушылары:

1) қазақ/ орыс/ өзбек/ ұйғыр/ тәжік тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп оқушылары үшін жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) – 28 мамырда;

2) математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) – 2 маусымда;

3) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) – 5 маусымда.

11 (12) сынып білім алушылары:

1) қазақ/ орыс/ өзбек/ ұйғыр/ тәжік тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан – 1 маусымда:

2) алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) – 4 маусымда;

3) Қазақстан тарихынан тестілеу – 7 маусымда;

4) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу – 10 маусымда.

Мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаттардың 11-сынып білім алушылары үшін:

1) ана тілі және әдебиетінен (оқыту тілі) эссе нысанында жазбаша емтихан – 1 маусымда;

2) алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) – 4 маусымда.

Мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаттардың 12-сынып білім алушылары үшін:

1) Қазақстан тарихынан тестілеу – 7 маусымда;

2) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу – 10 маусымда.

2-тарау. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің

      Ұлттық тестілеу орталығы

3. Осы Нұсқаулыққа 1-қосымшада көрсетілген тізімге сәйкес республикалық білім беру ұйымдарындағы және облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларындағы (бұдан әрі – білім басқармалары) қорытынды аттестаттау материалдарын қабылдап алуға жауапты мамандардың базасын қалыптастырады.

4. Республикалық білім беру ұйымдарының 9 (10) сынып білім алушылары және жалпы білім беретін мектептердің 11 (12) сынып білім алушылары үшін емтихан материалдарын дайындайды, барлық материалды (эссе тақырыптары, бақылау жұмыстары, жауап парақшалары бар кітапшалар, МP3 форматында «Тыңдау» блогына арналған аудиоматериал, балдарды қою схемасы) мұрағаттайды және 15 мамырға дейін білім басқармаларына электронды түрде («бұлтқа» орналастырылған) жеткізеді, жауапты мамандардың материалдарды қабылдап алғандығын растайтын актіні толтырады.

5. Мынадай мерзімдерде бұғатталған 9 сыныптарға арналған емтихан материалдарын ашуға арналған құпия сөздерді республикалық мектептерге электронды түрде («бұлтқа» орналастырылған) жолдайды, жауапты мамандардың құпия сөзді қабылдап алғандығын растайтын актіні толтырады:

1) қазақ/ орыс/ өзбек/ ұйғыр/ тәжік тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп оқушылары үшін жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) – 27 мамырда сағат 17.00-ге дейін;

2) математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) – 1 маусымда сағат 17.00-ге дейін ;

3) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан – 4 маусымда сағат 17.00-ге дейін.

6. Мынадай мерзімдерде бұғатталған емтихан материалдарын ашуға арналған құпия сөздерді білім басқармаларына электронды түрде («бұлтқа» орналастырылған) жолдайды, жауапты мамандардың құпия сөзді қабылдап алғандығын растайтын актіні толтырады:

1) қазақ/ орыс/ өзбек/ ұйғыр/ тәжік тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан – 31 мамырда сағат 10.00-ге дейін:

2) алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) – 3 маусымда сағат 10.00-ге дейін;

3) Қазақстан тарихынан тестілеу – 6 маусымда сағат 10.00-ге дейін;

4) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу – 9 маусымда сағат 10.00-ге дейін.

7. Мектеп санитарлық талаптарды сақтау мақсатында емтихандарды бір күнде өткізу мүмкіндігі болмаған жағдайда (сынып кешендерінің көп болуына байланысты) емтихан тапсыру күнін келесі күнге ауыстыра алады (мектеп директорының тиісті бұйрығымен).

3-тарау. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары

8. Аудандық/қалалық білім бөлімдеріндегі және облыстық білім беру ұйымдарындағы қорытынды аттестаттау материалдарын қабылдап алуға жауапты мамандардың базасын қалыптастырады.

9. Әрбір пән бойынша дайындалған спецификацияларға сәйкес 9 (10) сыныптың емтихан материалдарын әзірлейді және 11 (12) сыныптың емтихан жұмыстарының материалдарымен (эссе тақырыптары, бақылау жұмыстары, жауап парақшалары бар кітапшалар, МP3 форматында «Тыңдау» блогына арналған аудиоматериал,балдарды қою схемасы) бірге электронды түрде аудандық/қалалық білім бөлімдеріне 20 мамырға дейін және облыстық білім беру ұйымдарына (немесе Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары мектептерге дейін) 27 мамырға дейін жеткізеді.

10. Мынадай мерзімдерде бұғатталған емтихан материалдарын ашуға арналған құпия сөздерді білім бөлімдеріне электронды түрде («бұлтқа» орналастырылған) жолдайды және жауапты мамандардың құпия сөзді қабылдап алғандығын растайтын актіні толтырады:

1) қазақ/орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан – 31 мамырда сағат 13.00-ге дейін;

2) алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) – 3 маусымда сағат 13.00-ге дейін;

3) Қазақстан тарихынан тестілеу – 6 маусымда сағат 13.00-ге дейін;

4) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу –
9 маусымда сағат 13.00-ге дейін.

9-сыныптың емтихан материалдарын және оларды ашуға арналған құпия сөздерді білім беру ұйымдарына жеткізу уақытын өздігінен анықтайды.

11. Мынадай мерзімдерде бұғатталған емтихан материалдарын ашуға арналған құпия сөздерді облыстық мектептерге (Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары мектептерге дейін) электронды түрде («бұлтқа» орналастырылған) жолдайды және жауапты мамандардың құпия сөзді қабылдап алғандығын растайтын актіні толтырады:

1) қазақ/орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан – 31 мамырда сағат 17.00-ге дейін;

2) алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) – 3 маусымда сағат 17.00-ге дейін;

3) Қазақстан тарихынан тестілеу – 6 маусымда сағат 17.00-ге дейін;

4) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу –
9 маусымда сағат 17.00-ге дейін.

12. Білім басқармаларының басшылары емтихан жұмыстары материалдарының сақталуына және құпиялылығына жауапты болады және емтихан материалдарын әзірлеушілермен және емтихан материалдарын білім бөлімдеріне жеткізушілермен осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысанда құпия ақпаратты жарияламау туралы келісімге қол қояды.    

13. Білім басқармасының жауапты маманы «Алтын белгі» белгісіне үміткер білім алушылардың жазбаша жұмыстарының сканерленген нұсқаларын емтихан аяқталғаннан кейін 30 минуттың ішінде білім бөліміндегі жауапты маманнан алады және түпнұсқаларының жол қауіпсіздігін сақтай отырып, білім басқармасына емтихан өткен күні немесе келесі күні (қашықтыққа байланысты)  уақытылы жеткізілуін қадағалайды.

Үміткерлердің жазбаша жұмыстарын Білім басқармаларының жанынан құрылған Комиссия үміткерлердің емтихан жұмыстарын қабылдаған күні (жақын қалалардан/аудандардан қабылданған үміткерлердің емтихан жұмыстарын) немесе келесі күні тексереді.

Білім басқармаларының жанынан құрылған Комиссия құрамына жазбаша емтихандар өтетін пәндердің білікті, тәжірибелі мұғалімдері кіреді (басқа мүшелерін қоспағанда) және Комиссия құрамындағы әр пән мұғалімінің саны барлық үміткерлердің санына қатысты құрылады (10-15 үміткерге бір пән мұғалімі).

Комиссия мүшелеріне үміткерлердің жұмыстарын тексеру күні, орны мен уақыты туралы алдын-ала хабарланады.

Пән мұғаліміне өзінің ауданы немесе мектебінің үміткерлерінің жұмысы тексеру үшін берілмейді.

Пән мұғалімдерінің сапалы, тиімді және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету үшін бір мектептің ғимаратында бірнеше кабинеттер беріледі, дәлізде кезекшіліктер ұйымдастырылады.

Үміткердің жұмысын тексерген мұғалім үміткердің жазбаша емтихан жұмысын бағалайды және қысқаша пікірін жазады.

Үміткерлердің жұмысы тексерілгеннен кейін сол күні Комиссия мүшелерінің жалпы отырысында қаралады. Әр мектептің үміткерлерінің жазбаша жұмыстары бір конвертке салынып, тігіледі, хаттамалар толтырылады. Әр аудан/қала үміткерлерінің жазбаша жұмыстары бір жәшікке салынады, буылады.

Үміткерлердің жұмысы тексерілгеннен кейін екі күннің ішінде білім беру ұйымдарына жеткізіледі (көшірмелері білім басқармаларында 2 жыл сақталады, содан кейін жойылады).

14. Білім басқармалары (білім бөлімдері) «Алтын белгі» белгісіне үміткер білім алушылардың жазбаша жұмыстарын (эссе, алгебра және анализ бастамалары бойынша) тексеру қорытындысы бойынша аппеляция кезінде келіп түскен шағымдарды қарауды ұйымдастырады.

15. 2021 жылғы 15 маусымға дейін «Алтын белгі» белгісі иегерлерінің тізімін осы Нұсқаулыққа 3-қосымшада көрсетілген нысанға сәйкес электронды түрде ҚР Білім және ғылым министрлігіне жолдайды.

16. Қорытынды аттестаттау кезінде білім беру ұйымдарында санитарлық талаптардың қатаң сақталуын бақылауды ұйымдастырады.

17. Қорытынды аттестаттауды өткізу бойынша ата-аналарға, білім алушыларға тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады.

5-тарау. Аудандық, қалалық білім бөлімдері

 

18. Білім бөлімінің басшылары білім беру ұйымдарындағы қорытынды аттестаттау материалдарын қабылдап алуға жауапты мамандардың (оқу ісінің меңгерушісі) базасын қалыптастырады.

19. Білім бөлімінің жауапты маманы 25 мамырға дейін 9 (10) және 11 (12) сыныптардың емтихан материалдарын (эссе тақырыптары, бақылау жұмыстары, жауап беру парақшасы бар сұрақтар кітапшалары, МP3 форматында «Тыңдау» блогына арналған аудиоматериал, тест сұрақтарының кілтері) білім беру ұйымдарына жеткізеді.

20. Білім бөлімінің жауапты маманы мынадай мерзімдерде бұғатталған емтихан материалдарын ашуға арналған құпия сөздерді білім беру ұйымдарына электронды түрде («бұлтқа» орналастырып) жолдайды және жауапты мамандардың құпия сөзді қабылдап алғандығын растайтын актіні толтырады:  

1) қазақ/орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан – 31 мамырда сағат 17.00-ге дейін;

2) алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) – 3 маусымда сағат 17.00-ге дейін;

3) Қазақстан тарихынан тестілеу – 6 маусымда сағат 17.00-ге дейін;

4) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу –
9 маусымда сағат 17.00-ге дейін.

21. Білім бөлімінің жауапты маманы «Алтын белгі» белгісіне үміткер білім алушылардың жазбаша жұмыстарының сканерленген нұсқаларын емтихан аяқталғаннан кейін 15 минуттың ішінде білім беру ұйымындағы жауапты маманнан алады және түпнұсқаларының білім бөліміне арақашықтықты ескере отырып (емтихан өткен күні немесе келесі күні) уақытылы жеткізілуін қадағалайды.

22. Білім бөлімдерінің басшылары:

1) емтихан жұмыстары материалдарының сақталуына және құпиялылығына жауап береді, білім беру ұйымдарына емтихан материалдарын жеткізушілермен құпия ақпаратты жарияламау туралы келісімге қол қояды (құпия ақпаратты жария етпеу туралы келісімнің нысаны қоса беріледі).

2) «Алтын белгі» белгісіне үміткер білім алушылардың жазбаша жұмыстарын білім басқармасына жеткізуді ұйымдастырады.

3) аппеляцияға келіп түскен шағымдарды қарауды ұйымдастырады.

4) 2021 жылғы 13 маусымға дейін «Алтын белгі» белгісі иегерлерінің тізімін қоса берілген нысан бойынша білім басқармасына жолдайды.

5). қорытынды аттестаттау өткізу кезінде білім беру ұйымдарында санитариялық талаптардың қатаң сақталуын бақылауды ұйымдастырады.

6) қорытынды аттестаттауды өткізу бойынша ата-аналарға, білім алушыларға тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

6-тарау. Білім беру ұйымдары (мектептер)

23. Білім беру ұйымының басшысы қорытынды аттестаттау материалдарын қабылдап алуға жауапты мамандарды (оқу ісінің меңгерушісі, көмекші ретінде информатика пәнінің мұғалімі) белгілейді және толық мәліметті (аты-жөні, байланыс телефондары, электронды пошталары) білім бөліміндегі (республикалық мектептер – Ұлттық тестілеу орталығына, облыстық мектептер – білім басқармасына) жауапты маманға жолдайды.

24. Қорытынды аттестаттау өтетін сынып бөлмелері санитариялық талаптаға сәйкес дайындалады. Кабинеттерде тиісті құралдардың болуы (парталар, орындықтар, бор, МP3 форматында «Тыңдау» блогына арналған аудиоматериалды тыңдайтын құрал), мектеп ғимаратында «Алтын белгі» белгісіне үміткерлердің жазбаша жұмыстарын сканерлеуге арналған құрылғының болуы және жұмыс жасауы қамтамасыз етіледі.

Емтихандар білім алушылар бір-бірден отырғызылатын сынып бөлмелерінде (бір партаға бір білім алушысы отырғызылып, толық сынып сиятындай мектеп ғимаратындағы үлкен бөлмеде) өтеді. Білім алушыларды сыныпта 25 адамнан аспайтындай отырғызады.

25. Білім беру ұйымының басшысы қорытынды аттестаттауды өткізу бойынша ата-аналарға, білім алушыларға тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

26. Жауапты мамандар аудандық/қалалық білім бөлімдерінен (республикалық мектептер – Ұлттық тестілеу орталығынан, облыстық мектептер – білім басқармасынан) 9 (10) және 11 (12) сынып білім алушыларының емтихан жұмыстарының материалдарын (эссе тақырыптары, бақылау жұмыстары, жауап беру парақшасы бар сұрақтар кітапшалары, МP3 форматында «Тыңдау» блогына арналған аудиоматериал, балдарды қою схемасы) 25 мамырға дейін қабылдап алады және емтихан жұмыстарын қабылдап алғандығын растайтын актіні білім бөлімдеріндегі жауапты маманға электронды түрде жолдайды.

27. Жауапты мамандар бұғатталған емтихан материалдарын ашуға арналған құпия сөздерді білім бөлімдерінен (республикалық мектептер – Ұлттық тестілеу орталығынан, облыстық мектептер – білім басқармасынан) электронды түрде («бұлтқа» орналастырылған) емтихан өтерден бір күн бұрын сағат 17.00 дейін қабылдап алады және қабылдап алғандығын растайтын актіні білім бөлімдеріндегі жауапты маманға электронды түрде жолдайды.

28. Білім беру ұйымдарының басшылары мен жауапты мамандары емтихан жұмыстары материалдарының сақталуына және құпиялылығына жауап береді және осы Нұсқаулыққа 2-қосымшада көрсетілген нысанға сәйкес құпия ақпаратты жарияламау туралы келісімге қол қояды..

29. Білім беру ұйымының басшысы мынадай мерзімдерде құпия сөздермен бұғатталған емтихан материалдарын ашады және төменде көрсетілген пәндер бойынша  көбейтеді:

9 (10) сынып білім алушылары үшін:

1) қазақ/орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп білім алушылары үшін жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) – 27 мамырда (оқыту тіліне байланысты тапсырмалар әр сыныпқа бір парақта басып шығарылып, әр сынып үшін жеке конверттерге салынады);

2) математика (алгебрадан) жазбаша емтихан – 1 маусымда (сыныптағы оқушы санына байланысты бірнеше нұсқа басып шығарылып, әр сынып үшін жеке конверттерге салынады);

3) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан – 4 маусымда (сұрақ кітапшалары сыныптағы оқушы санына және оқыту тіліне байланысты әр оқушыға бір берден басып шығарылады және әр сынып үшін жеке қорапшаларға салынады).

11 (12) сынып білім алушылары үшін:

1) қазақ/орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан – 31 мамырда (тапсырмалар оқыту тіліне байланысты әр сыныпқа бір парақта басып шығарылып, әр сынып үшін жеке конверттерге салынады);

2) алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) – 3 маусымда (сыныптағы оқушы санына байланысты тапсырманың бірнеше нұсқасы басып шығарылады және әр сынып үшін жеке конверттерге салынады);

3) Қазақстан тарихынан тестілеу – 5 (немесе 6) маусымда (сұрақ кітапшалары сыныптағы оқушы санына және оқыту тіліне байланысты әр оқушыға бір берден басып шығарылып, әр сынып үшін жеке қорапшаларға салынады);

4) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу – 9 маусымда (сұрақ кітапшалары сыныптағы оқушы санына және оқыту тіліне байланысты әр оқушыға бір данадан басып шығарылып, әр сынып үшін жеке қорапшаларға салынады).

30. Білім беру ұйымының басшысы емтихан материалдарын көбейту, басып шығару кезінде ғимаратта жауапты мамандардан басқа педагогтердің болмауын қамтамасыз етеді.

31. Білім беру ұйымының басшысы қорытынды аттестаттаудың сапалы өтілуіне және санитариялық талаптардың қатаң сақталуына жауапты болады:

32. Емтихандар жергілікті уақытпен 9 сағат 00 минутта басталады.

Эссе тақырыптары салынған пакеттер білім алушылардың және мектептің комиссия мүшелерінің қатысуымен емтиханның басталуына 15 минут қалғанда ашылады.

Математикадан материалдар салынған пакеттер мен тесттер салынған қораптар олардың дұрыстығын тексеру және үлестіру үшін мектептің комиссия мүшелерінің ғана қатысуымен емтихан басталудан 1 сағат бұрын ашылады.

33. Жазбаша жұмыстарды орындау үшін білім алушыларға мектептің мөртабаны басылған қағаз беріледі.

Педагог эссенің тақырыптарын тақтаға барлық білім алушыға көрінетіндей (әр оқушыға көбейтіп беруге болады) жазады.

Эссе жазуға 3 астрономиялық сағат, алгебра және анализ бастамаларына
5 астрономиялық сағат бөлінеді. Жазбаша жұмыстарды орындауға 2 астрономиялық сағат, математикаға (алгебраға) (жазбаша) – 3 астрономиялық сағат (физика-математика бағытындағы мамандандырылған мектептерде – 4 сағат) бөлінеді.

Білім алушылар жұмыстарын орындаған соң оны жоба жазумен (черновикпен) бірге комиссияға тапсырады.

Жұмысын бөлінген уақыттан ерте аяқтаған білім алушы жазбаша жұмысын тапсыруына және ғимараттан шығуына болады

Жұмыстарын емтиханға арналып бөлінген уақыт ішінде аяқтай алмаған білім алушылар сол аяқталмаған қалпында тапсырады.

34. Емтихан өтіп жатқан кезеңде білім алушының 5 минутқа сынып бөлмесінен шығуына рұқсат беріледі. Ондай жағдайда ол жұмысын комиссияға тапсырады, емтихан жұмысына білім алушының шығып келген уақыты жазылады.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін үзіліске ұзақтау уақыт ұсынылады (қажет болған жағдайда).

35. Жазбаша емтихан және тестілеу аяқталғаннан кейін комиссия мүшелері мектеп ғимаратында жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаттарын алуға үміткерлердің жұмыстарынан (эссе, алгебра) басқа білім алушылардың жұмыстарын тексереді.

Тексерілмеген жұмыстар мектеп басшысына сақтау үшін тапсырылады. Тексеру кезінде қателердің асты сызылады. Жалпы орта білім курсы бойынша эсседе қателердің саны жеке көрсетіледі.

Математика (алгебра) пәні бойынша «2» және «5» деген бағалар қойылған жазбаша жұмыстарға мектеп комиссиясы пікір жазады.

11 (12) сыныптағы эссе екі бағамен, негізгі және жалпы орта білім курсы үшін математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан жұмысы бір бағамен бағаланады.

Эссе қорытындысы бойынша орфография мен грамматика үшін баға тілдік пәндер бойынша қойылады, мазмұны үшін баға әдебиет бойынша қойылады.

36. Тест нәтижелерін тексеруді мектеп жанынан қалыптастырылған комиссия сол күні ұсынылған балдарды қою схемасына сәйкес мектепте жүзеге асырады.

37. Емтихандар өткеннен кейін комиссия сол күні білім алушыларға емтихан бағалары мен қорытынды бағаларын қояды және негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлеріндегі оқу курсы емтиханының қағаз/электронды хаттамасына енгізеді.

9 (10) сыныпта комиссия білім алушыларға балдар мен емтихан бағаларын қояды және оларды негізгі орта білім беру деңгейіндегі оқу курсы үшін емтиханның қағаз және электрондық хаттамасына енгізеді.

9 (10) сынып білім алушыларының пәндер бойынша қорытынды аттестаттау нәтижелері балл түрінде журналға (қағаз/электрондық) қойылады емтихан балдары емтихан бағасына ауыстыру шәкілі бойынша ауыстырылады.

38. Емтихандар өтетін күндері COVID-19 ауырған 9 (10) и 11 (12) сыныптардыі білім алушылары білім беру ұйымының бұйрығымен қорытынды аттестаттаудан босатылады.

 Қорытынды аттестаттаудан білім алушыларды босату туралы бұйрық мынадай құжаттардың негізінде шығарылады:

  • полимеразды тізбекті рекция (ПТР) әдісімен COVID-19 тестісінің он нәтижесі бар анықтама;
  • стационарлық және амбулаторлық-емханалық ұйымдарда қолданылатын медициналық есепке алу құжаттамалар нысанына сәйкес (Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы) медициналық ұйымдар берген анықтама.

Қорытынды аттестаттау ағымдағы оқу жылының жылдық бағасы негізінде жүргізіледі.

39. Коронавирустық инфекциямен ауырғандармен байланыста болған (емтихан өткізетін күндері карантинде болған) 9 (10) и 11 (12) сыныптардың білім алушылары қорытынды бітіру емтиханын қашықтан оқыту технологиясын пайдалана отырып тапсырады.

40. Білім беру ұйымының басшысы емтихан аяқталғаннан кейін 15 минут ішінде «Алтын белгі» белгісіне үміткер білім алушылардың жазбаша жұмыстарын сканерлеп, білім бөліміндегі жауапты маманға (республикалық мектептер – Білім және ғылым министрлігіне, облыстық мектептер – білім басқармасына) электронды түрде жолдайды.

41. Білім беру ұйымының басшысы «Алтын белгі» белгісіне үміткер білім алушылардың жазбаша жұмыстарының түпнұсқаларын емтихан өткен күні немесе келесі күні (арақашықтыққа қарай) білім бөліміне (республикалық мектептер – Білім және ғылым министрлігіне, облыстық мектептер – білім басқармасына) жеткізуді ұйымдастырады.

42.  Білім беру ұйымының басшысы аппеляция кезінде келіп түскен шағымдарды қарауды ұйымдастырады.

43. Білім беру ұйымының әкімшілігі қорытынды аттестаттау кезінде:

1) білім беру ұйымында кезекшілікті ұйымдастырады, артық адамдардың болуына жол бермейді, білім алушылардың кабинеттер бойынша жүріп-тұруына тыйым салады;

2) білім беру ұйымына кіру кезінде білім алушылардың температурасын өлшеуді ұйымдастырады;

3) кабинаттарде желдетуді, кварцтауды қамтамасыз етеді,

4) педагогтердің және білім алушылардың бетперде киуін және қолды арнайы құралдармен жууын қадағалайды;

5) емтихандар басталардан бұрын кабинеттерді, дәліздерді, рекреацияларды, холлдарды ылғалды жинауды ұйымдастырады.

Коронавирустық инфекцияның таралуына

байланысты шектеу іс-шаралары кезеңінде

негізгі орта және жалпы орта білім беру

бағдарламалары бойынша қорытынды

аттестаттауды 2020-2021 оқу жылында

ұйымдастыру және өткізу жөніндегі

нұсқаулыққа 1-қосымша

 

 

Білім басқармаларының және республикалық

мектептердің тізімі

1. «Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 010000, Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік к., 11-үй;

2. «Алматы қаласының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 050001, Алматы қ., Республика а., 4-үй; 

3. «Шымкент қаласының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 160011, Шымкент қ., Тыныбаев к., 49-үй;

4. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к., 26-үй;

5. «Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 020000, Көкшетау қ., Сәтбаев к., 1 «а» үй;

6. «Ақтөбе облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 030000, Ақтөбе қ., Әбілқайыр хан д., 40-үй;

7. «Атырау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 060010, Атырау қ., Әйтеке би к., 77-үй;

8. «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 070004, Өскемен қ., Қазақстан к., 59/1-үй;

9. «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 090000, Орал қ., Есқалиев к., 72-үй;

10. «Жамбыл облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 080012, Тараз қ., Төле би к., 35-үй;

11. «Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 100008, Қарағанды қ., Әлиханов к., 19-үй;

12. «Қызылорда облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 120003, Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к., құрылыс 1;

13. «Қостанай облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 110003,  Қостанай қ., Гоголь к., 183-үй;

14. «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 130000, Ақтау қ., 3 б ш.а., № 52 үй;

15. «Павлодар облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 140000, Павлодар қ., Қайырбаев к., 32-үй;

16. «Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 150011, Петропавл қ.,. Қазақстан Конституциясы к., 58-үй;

17. «Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 161200, Түркістан қ., 1 мөлтек ауданы, 24 В үй;

18. «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» РМҚК «Өзін-өзі тану» гимназиясы, 050026, Алматы қ., Дарын                     1 ы.а., 47-үй;

19. «Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп» мемлекеттік мекемесі, 050020, Алматы қ., Митин к., 6-үй;

20. «Республикалық физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, 050040, Алматы қ., Бұқар Жырау к., 36-үй;

21. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi «Кеңес Одағының                екі мәрте батыры Т.Я. Бегелдинов атындағы Қарағанды «Жас ұлан» республикалық мектебі»,  100017, Қарағанды қ., Мұстафин к., 10-үй;

22. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi «Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы «Жас ұлан» республикалық мектебі», 050043,  Алматы қ., Пятницкий к., 100-үй;

23. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi «Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рақымов атындағы Шымкент «Жас ұлан» республикалық мектебі», 160008, Шымкент қ., Ш. Қалдаяқов к., 3-үй;

24. «Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты» республикалық мемлекеттік мекемесі, 050040, Алматы қ., Байзақов к., 304-үй;

25. «Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандырылған музыка мектеп-интернаты» республикалық мемлекеттік мекемесі, 050008, Алматы қ., Әуезов к., 66/5-үй;

26. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Алматы қаласының «Шаңырақ» шағын ауданындағы «Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі, 005065, Алматы қ., Алатау ауданы, Шаңырақ шағын ауданы, Өтемісұлы к., 71-үй;

27. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «К.Ахметов атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат» республикалық мемлекеттік мекемесі, 050008, Алматы қ., Байзақов к., 238-үй;

28. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі, 071300, Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қ., Лесное селосы, Сосновая көшесі, 45А;

29. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Республикалық спорт колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, 050040, Алматы                            қ., Тимирязев к., 41-үй;

30. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi «Генерал                                 С.К.Нұрмағанбетов атындағы Нұр-Сұлтан «Жас ұлан» республикалық мектебі»,  010000, Нұр-Сұлтан қ., Қорғалжын тас жолы, 16/1-үй;

31. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт                 және дене шынықтыру істері комитетінің «Қ. Мұнайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандырылған мектеп-интернат-колледжі»  республикалық мемлекеттік мекемесі, 010000, Нұр-Сұлтан қ., Бөгенбай батыр д., 5-үй;

32. «Республикалық физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, 010000, Нұр-Сұлтан қ., Түркістан к., 2/1-үй;

33. Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының жанындағы мектеп-интернат, Алматы қ., Панфилов к, 127-үй;

34. Қазақ ұлттық хореография академиясының жанындағы мектеп- интернат,  Нұр-Сұлтан қ., Ұлы Дала, 9-үй;

35. Қазақ ұлттық өнер университеті жанындағы мектеп-интернат, Нұр-Сұлтан қ,  Тәуелсіздік к, 50-үй;

36. А. Селезнев атындағы Алматы хореография училищесі; Алматы қ,  Масанчі к, 67-үй;

37. «IQanat High School of Burabay» білім беру ұйымы, Щучье қ, Щучье көлінің жағасы, шығыс бөлігі, 46А үй.

Коронавирустық инфекцияның таралуына

байланысты шектеу іс-шаралары кезеңінде

негізгі орта және жалпы орта білім беру

бағдарламалары бойынша қорытынды

аттестаттауды 2020-2021 оқу жылында

ұйымдастыру және өткізу жөніндегі

нұсқаулыққа 2-қосымша

Құпия ақпаратты таратпау туралы келісім

Мен,  ………………………………………………………………………….......

Жұмыс орны...........................................................................................................

Лауазымы: ………………………………………………………...…………......

Жеке басты куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні және жері: …………….……………………………………………..................................

ЖСН............................................................................................................................

Мекенжайы................................. ……………………………………………...……

Байланыс телефоны..................................................................................................

Осы құжат арқылы маған қолжетімді және құпия ақпарат беріп отырған ....................................................................................... қаласының/облысының
Білім басқармасының мүддесін ескере отырып, төменде көрсетілген міндеттерді өз мойныма алуға келісемін.

Осы Келісімде құпия ақпарат ретінде 9 (10)-сыныпты қорытынды аттестаттаудың емтихан материалдарына қатысты кез келген түрдегі кез келген ақпарат, сондай-ақ оларға қатысты басқа да сұрақтар мен кез келген материалдар қарастырылады.

МІНДЕТТЕР:

Мен ақпараттың құпиялылығын сақтауға міндеттенемін, оның ішінде, Мен:

  • үшінші тұлғаларға құпия ақпаратты хабарламауға, сатпауға немесе басқа да жолдармен таратпауға;
  • құпия ақпаратты кез келген коммерциялық, өндірістік немесе басқа да мақсаттарда қолданбауға;
  • құпия ақпаратты көшірмеуге, түрлендірмеуге немесе таралым жасамауға;
  • үшінші тұлғалармен сұрақтардың мазмұнын талқыламауға

     КЕЛІСЕМІН.

 

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 126-бабымен қарастырылған құпия ақпаратты таратқаны үшін жауапкершілікке тартылады. 

Құпия ақпараттың менің тарапымнан таратылуы ешқандай авторлық құқыққа немесе осы құпия ақпаратқа қатысты кез келген меншік құқығына кепілдік бермейтінін түсінемін және мойындаймын.

Колы ………………………

Күні ……………………… 

Коронавирустық инфекцияның таралуына

байланысты шектеу іс-шаралары кезеңінде

негізгі орта және жалпы орта білім беру

бағдарламалары бойынша қорытынды

аттестаттауды 2020-2021 оқу жылында

ұйымдастыру және өткізу жөніндегі

нұсқаулыққа 3-қосымша

 

 

______________________  облысы/қаласы бойынша «Алтын белгі» белгісінің иегерлері

 

 

Оқушылардың толық аты-жөні (жеке куәлігі бойынша)  

Қала, аудан, мектеп атауы

оқытылу тілі  

ЖСН

1

 

  

   
         

 

НАШИ  КОНТАКТЫ

150800, Республика Казахстан
СКО, район Магжана Жумабаева
город Булаево, улица Мира, 8

+7 (71531) 2-08-77

mzhroo2019@mail.ru