Қазақстан Республикасы

Қорғаныс министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрлігі

 

Облыстардың, Нұр-Сұлтан,

Алматы және Шымкент

қалаларының  білім басқармалары

 

Республикалық білім беру ұйымдары

 

Ұлттық тестілеу орталығы

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2020-2021 оқу жылында білім беру ұйымдарындағы оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерін ескере отырып 9 (10)-сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды бітіру емтихандарының материалдарын дайындау бойынша әдістемелік нұсқаулық (бұдан әрі – Әдістемелік нұсқаулық) әзірленгендігін хабарлайды.

Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары шеңберінде оқушылардың қашықтан оқығандығы ескеріліп 9 (10)-сыныптардың білім алушыларына арналған емтихан материалдарын (эссе, математика) Әдістемелік нұсқаулыққа сәйкес қайта қарауларыңыз қажет.

Ұлттық тестілеу орталығының сайтындағы 11 (12) сынып білім алушыларына математика пәнінен дайындалуға берілген бақылау есептерінің көлемі де өзгергендігін ескертеміз.

Сонымен қатар, Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу іс-шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында 9 (10) және 11 (12) сыныптардағы қорытынды аттестаттауды 2021 жылы ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты (бұдан әрі - Нұсқаулық) жұмыс барысыныда басшылыққа алу үшін жолдаймыз.

 Нұсқаулықты барлық білім бөлімдерінің және білім беру ұйымдарының назарына жеткізулеріңізді сұраймыз.

Қосымша: 40 бет.

Вице-министр                                                                  Ш. Каринова

 

Т. Жакенов

74-20-48

НАШИ  КОНТАКТЫ

150800, Республика Казахстан
СКО, район Магжана Жумабаева
город Булаево, улица Мира, 8

+7 (71531) 2-08-77

mzhroo2019@mail.ru