"Батыр Баян атындағы мектеп - гимназия" КММ-де оқу жылының басынан бастап мектеп асханасында тамақтануды ұйымдастыруды бақылау бойынша мониторингтік топ құрылды, ол апта сайын тамақ дайындауды тексереді және тағамның сапасын анықтайды. Тексеру барысында мониторингтік топ ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысымен бекітілген нормаларға сәйкес бір реттік тамақтанудың төрт апталық мәзірінің орындалуын қадағалайды.
9 ақпан күні "Батыр Баян атындағы мектеп - гимназия" базасында "Колосовка кіші орта мектебі" КММ-мен волейболдан жолдастық кездесу өтті.
Қазіргі заманғы өнертабыстар біздің өмірімізді әлдеқайда жеңілдетті. Жаңа және тез өзгеретін мобильді технологияларға ілесу және барлық жастағы оқырмандарды кітапхана қызметтерін пайдалануға ынталандыру үшін кітапханалар оқырманға қосымша ақпарат берудің тиімді әдісі ретінде QR кодтарын белсенді пайдаланады. QR кодының көмегімен электронды кітаптарды оқу мүмкіндігі бар.
Біздің мектепте оқу мектебі аясында заманауи кітапхана технологиясы енгізілуде.
150800, Республика Казахстан
СКО, район Магжана Жумабаева
город Булаево, улица Мира, 8
+7 (71531) 2-08-77
mzhroo2019@mail.ru