Мектептегі "психология апталығы" -педагог-психологтың, әлеуметтік педагогтың ағартушылық, профилактикалық, түзету, консультациялық және диагностикалық қызметін қамтитын кешенді іс-шара.
Мақсаты: мектеп оқушылары мен педагогтарының психологиялық мәдениетін дамыту және қалыптастыру, оқушылар мен педагогтардың психологиялық денсаулығын сақтауға, нығайтуға жәрдемдесу, салауатты өмір салты құндылықтарына баулу.
Аптаның әр күні белгілі бір тақырыпқа арналған. Психология онкүндігінің барлық іс-шаралары оқушылардың бақытты психологиялық көңіл-күйі мен жағымды мотивациясын қалыптастыруға ықпал етеді.
психологиялық денсаулық онкүндігінің бірінші күнінде мектеп фойесінде "Психология апталығы" ақпараттық стенді рәсімделді