"Тоғызқұмалақ" - логикалық математикалық ойлау мен ұстамдылықты дамытуға арналған тақтадағы логика мен тапқырлыққа арналған Қазақтың ұлттық үстел ойыны.
2023 жылдың 19 қаңтарында тоғызқұмалақтан 2005 және одан кіші оқушылар арасында аудандық турнир өтті. Жарысқа Б. Баян ат. МГ, № 2 Булаев ОМ, Булаев МББ кешенінің, Медвежка ОМ, Полудин ОМ, Еңбекші қазақ ОМ, Хлеборобное НМ, Успенка НМ, Қызыл Қазақстан ОМ оқушылары қатысты. Барлығы-90-нан астам қатысушы.
Біздің мектептің оқушысы Шендерук Ева екінші орынды иеленді, жаттықтырушы Макарова Т. с. құттықтаймыз!