2023 жылғы 27 қаңтарда облыстың мамандандырылған және инновациялық мектептерінің педагог-психологтарына арналған «Дарынды балаларды анықтау мен сүйемелдеудің тиімді әдістері» атты семинары өтті. «С. Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия» КММ, «Бірінші қалалық жалпы білім беретін IT-лицей» КММ және «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп - лицей «ЛОРД» КММ мамандары балалардағы дарындылықты, бастауыш және орта мектеп арасындағы сабақтастықты анықтау мәселелерінде өз көзқарастарымен бөлісе алды.
Психологтар педагогикалық ұжыммен жұмыс істеудің тиімді стратегияларын қарастырып, оқушылардың мотивациялық саласын және жеке өсуін қалыптастыру әдістерін талқылады.