Бүгін «9 ай – 9 шара» аясында «Батыр Баян атындағы мектеп-гимназия» КММ , ұстаздары мен ата-аналары Республикалық «Жасыл мекен» байқауына қатысты.
«Жасыл мекен» челленджінің мәні – көктемде көшет отырғызу.
«Жасыл мекен» челленджі оқушыларды экологиялық мәдениетке, табиғат пен қоршаған ортаға құрметпен қарауға, еңбексүйгіштікке, қоршаған ортаны көгалдандыруға тәрбиелеуге бағытталған.
Көшеттерді отырғызу балаларда қоршаған ортаға және айналасындағы адамдарға алаңдаушылық сезімін дамытуға әкеледі.
Мақсаты: оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және балаларды еңбексүйгіштікке баулу.
Тапсырмалар:
оқушылардың қоршаған ортаға қамқорлық сезімін ояту
табиғатқа деген құрмет сезімін дамыту
еңбекті құрметтеу, еңбексүйгіштік сезімін тәрбиелеу.