Бүгін біздің мектепте "Ақындар айтысы"атты іс-шара өтті.
"Ақындар айтысының" мақсаты: ұлттық рух пен патриотизмді, өз халқына және оның дәстүрлеріне деген құрмет сезімін тәрбиелеу, эмоционалды интеллектті қалыптастыру, айтысты қазақ халқының ұлттық құндылығы, шешендік өнердің баға жетпес мұрасы ретінде танымал ету арқылы дарынды шығармашылық жастарды анықтау.
"Ақындар айтысы" міндеттері: балалар мен жастардың қазақ халқының музыкалық мәдениетіне деген қызығушылығын ояту, поэтикалық, орындаушылық және вокалдық дағдыларды қалыптастыру, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілік сезімін ояту, қазақ тілінің рөлін арттыру, халықтар достығы мен бірлігін дәріптеу.