«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 189 бұйрығына сәйкес 2020-2021 оқу жылында 9 (10)-сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттаудың нысандары келесідей болып белгіленген:

1) қазақ/орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектептер үшін жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе);

2) математика (алгебрадан) жазбаша емтихан (бақылау жұмысы);

3) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) жазбаша емтихан (тестілеу) және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау).  

Емтихан жұмыстарының материалдарын (тапсырмалар мен балдарды қою схемасы) облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары (бұдан әрі – Білім басқармалары), республикалық мектептердің 9(10)-сынып білім алушылары үшін емтихан жұмыстарының материалдарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) дайындайды.

Емтихан жұмыстарының материалдарын (тапсырмалар мен балдарды қою схемасы) қорытынды аттестаттау спецификациясы талаптарын негізге алып, сонымен бірге 2020-2021 оқу жылында білім беру ұйымдарындағы оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерін ескере отырып, төмендегі негізде дайындау ұсынылады.

1. Қазақ/орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп оқушылары үшін жазбаша емтихан (мақала, әңгіме, эссе) жұмысының сипаттамасында көрсетілгеніндей, өтілген бағдарламалық тақырыптарға сәйкес келетін екі мәтін үзіндісі дайындалады. Олардың жалпы көлемі, спецификацияда көрсетілгендей, 400-450 сөз. Білім алушылар берілген мәтін үзінділері негізінде 100-150 сөзден тұратын жазба жұмысын (эссе) орындайды (бұрын спецификация бойынша сөздер саны 250-300 құраған, осы көрсетілген сөздер санын 100-150 дейін қысқарту қажет).

Гуманитарлық циклдағы пәндерді тереңдетіп оқытатын  мектептің оқушылары үшін өтілген бағдарламалық тақырыптарға сәйкес келетін екі мәтін үзіндісі дайындалады. Олардың жалпы көлемі, спецификацияда көрсетілгендей, 450-500 сөз. Білім алушылар берілген мәтін үзінділері негізінде 150-200 сөзден тұратын жазба жұмысының біреуін (мақала, эссе, әңгіме және т.б.) орындайды (бұрын спецификация бойынша сөздер саны 250-300 құраған, осы көрсетілген сөздер санын 150-200 дейін қысқарту қажет).

          Емтихан жұмысы үшін балдар мен бағаларды қою үдерісі, бағалар сипаттамасы, балл қою кестесі спецификацияда берілген.

           2. Математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан жұмысы екі бөлімнен тұрады, тапсырмалардың жалпы саны – 15.

          Тапсырмалардың үлгісі «Алгебра» пәні бойынша қорытынды аттестаттау спецификациясында (2020 жыл) берілген.

          А бөлімі 10 тапсырмадан тұрады. Әрбір тапсырма 1 балмен бағаланады.

          В бөлімі 5 тапсырмадан тұрады (бұрын 10 болды).

          В бөлімі тапсырмаларының тақырыптар бойынша саны мен балдарының үлестірілуі төмендегі кестеде көрсетілген.

Сандар

Алгебра

Статистика мен ықтималдар теориясы

Математикалық модельдеу және анализ

1 тапсырма

2

тапсырма

1

тапсырма

1

тапсырма

20%

(2-4 балл)

40%

(5-8 балл)

20%

(2-4 балл)

20%

(5-6 балл)

А бөліміндегі жалпы балдар саны – 10.

В бөліміндегі жалпы балдар саны – 20.

Емтихан жұмысының қорытынды балы – 30.

 

          3. Орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан бойынша қорытынды аттестаттау спецификациясы өзгеріссіз қалады. 

 2020-2021 оқу жылында 11 (12)-сыныптардың білім алушыларын  қорытынды бітіру емтихандарын тапсыруға дайындау бойынша әдістемелік нұсқаулық

 

  «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 189 бұйрығына сәйкес 2020-2021 оқу жылында 11 (12)-сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттаудың нысандары келесідей болып белгіленген:

1) қазақ/орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан:

2) алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан (бақылау жұмысы);

3) Қазақстан тарихынан тестілеу;

4) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу.

    

1. Қазақ/орыс тілі және өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде білім беретін мектептер үшін қазақ/орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан жазады. Эссе жазу үшін оқушыларға бір тақырыпты таңдау ұсынылады. Эссе көлемі 250 – 350 сөзден тұруы қажет.

Эсенің жалпы балдар саны - 20.

Эсседе оқушы тақырыпқа сай көтерілген мәселе бойынша дәлелдер мен дәйектер келтіріп, өз пікірін, негізгі идеясын жүйелі түрде жеткізіп, ой түйіндей білуі қажет.

Эссені орындауға 3 астрономиялық сағат беріледі. Эссе екі бағамен бағаланады, орфографика мен грамматиканың бағасы тілдік пәндерге қойылады, мазмұны бойынша баға әдебиетке қойылады.

Таңдауға 10 тақырып беріледі: 5 әдеби және 5 еркін тақырып.

Емтиханға қатысушыларға хрестоматиялар, шығармалардың мәтіндерін, орфографикалық, түсіндірме, энциклопедиялық сөздіктерді,  қанатты сөздер кітаптарын қолдануға рұқсат етіледі.

2. «Алгебра және анализ бастамалары» бойынша жазбаша емтихан жұмысы математикалық фактілерді меңгеру, мәнін және тәсілдерін түсіну, қолданбалы және логикалық есептерді шеше білу деңгейін анықтауға бағытталған. «Алгебра және анализ бастамалары» бойынша есептерді шығаруға 5 астрономиялық сағат беріледі.

Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша екі бөлімнен тұрады, тапсырмалардың жалпы саны үшін  – 16.

          А бөлімі 10 тапсырмадан тұрады. Әрбір тапсырма 1 балмен бағаланады. В бөлімі 6 тапсырмадан тұрады.   

А бөліміндегі жалпы балдар саны – 10.

В бөліміндегі жалпы балдар саны – 20.

Емтихан жұмысының қорытынды балы – 30. Балдарды қою критерилері емтихан материалдарымен бірге беріледі.

          3. Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша «Алгебра және анализ бастамалары» жазбаша емтихан жұмысы екі бөлімнен тұрады, тапсырмалардың жалпы саны үшін  – 15.

          А бөлімі 10 тапсырмадан тұрады. Әрбір тапсырма 1 балмен бағаланады. В бөлімі 5 тапсырмадан тұрады

А бөліміндегі жалпы балдар саны – 10.

В бөліміндегі жалпы балдар саны – 20.

Емтихан жұмысының қорытынды балы – 30. Балдарды қою критерилері емтихан материалдарымен бірге беріледі.

 

4. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы және физика-математикалық бағыттағы мамандандырылған мектептер бойынша «Алгебра және анализ бастамалары» жазбаша емтихан жұмысы екі бөлімнен тұрады, тапсырмалардың жалпы саны үшін  – 16.

          А бөлімі 10 тапсырмадан тұрады. Әрбір тапсырма 1 балмен бағаланады. В бөлімі 6 тапсырмадан тұрады.   

А бөліміндегі жалпы балдар саны – 10.

В бөліміндегі жалпы балдар саны – 20.

Емтихан жұмысының қорытынды балы – 30. Балдарды қою критерилері емтихан материалдарымен бірге беріледі.

5. Қазақстан тарихынан тест 18 тест тапсырмасынан тұрады:

- бір дұрыс жауабы бар 10 тест тапсырмасы;

-  бір мәтінге бір дұрыс жауапты таңдау арқылы 5 тест тапсырмасы;

- ашық нысандағы 3 тест тапсырмасы.

Тест нәтижелерін тексеру балдарды қою кестесіне сәйкес жүргізіледі. Тест спецификациясы ҰТО сайтында орналасқан (www.testcenter).

Бір дұрыс жауабы бар 10 тест тапсырмасы және бір мәтінге бір дұрыс жауапты таңдау арқылы 5 тест тапсырмасы бар 10 тест тапсырмасына жалпы балдар саны – 15.

Ашық нысандағы 3 тест тапсырмасының жалпы балдар саны – 15.

Емтихан жұмысының қорытынды балы – 30.

6. Орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу екі блок бойынша 18 тестен тұрады.

Тыңдалым: 2 мәтін - бір дұрыс жауабы бар әр мәтіннен 5 тест тапсырмасы;

Оқылым: 2 мәтін -  бір дұрыс жауабы бар әр мәтіннен 5 тест тапсырмасымен 1 мәтін, ашық нысандағы 3 тест тапсырмасы бар 2 мәтін.

Тест нәтижелерін тексеру балдарды қою кестесіне сәйкес жүргізіледі. Қорытынды аттестаттау спецификациясы өзгеріссіз қалады. Тест спецификациясы ҰТО сайтында орналасқан (www.testcenter).

Бір дұрыс жауабы бар әр мәтіннен 5 тест тапсырмасының және бір дұрыс жауабы бар әр мәтіннен 5 тест тапсырмасының жалпы балдар саны - 15. Ашық нысандағы 3 тест тапсырмасының жалпы балдар саны - 15.

Емтихан жұмысының қорытынды балы – 30.

7. 11 (12) сынып білім алушыларының емтихан балдарын жалпы орта білім туралы аттестаттың бағаларына ауыстыру шәкілі «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына 4-қосымшасында берілген (2021 жылғы 28 сәуірдегі № 189 бұйрықпен өзгерістер енгізілген).

НАШИ  КОНТАКТЫ

150800, Республика Казахстан
СКО, район Магжана Жумабаева
город Булаево, улица Мира, 8

+7 (71531) 2-08-77

mzhroo2019@mail.ru