2021 жылғы 4 наурызда Петропавл қаласының Оқушылар сарайында жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша дарынды оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңiнiң жеңiмпаздарын және Елбасы медалi бағдарламасының қатысушыларын салтанатты түрде марапаттау өттi.

Биылғы жылы олимпиада офлайн және онлайн форматында ұйымдастырылды. Облыстық кезеңнiң 269 жүлдегерлерi арасынан 65 жеңiмпаз 2021 жылдың 12-17 сәуiр аралығында өтетiн республикалық олимпиадада Солтүстiк Қазақстан облысы командасы құрамында өңiрiмiздiң намысын қорғайтын болады.

Олимпиада жүлдегерлерiн марапаттау рәсiмiне Бiлiм басқармасы басшысының орынбасары А.К. Хасенова, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Солтүстiк Қазақстан университетiнiң академиялық сауалдар жөнiндегi Басқарма мүшесiнiң м.а. Ж.С. Таласпаева, Бiлiм беру саласындағы әдiстемелiк жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының басшысы Сәркен Р.С.

Олимпиада қорытындылары бойынша қоғамдық-гуманитарлық цикл пәндерiнен «БIЛIМ-ИННОВАЦИЯ» лицейiнiң командасы үздiк деп танылды, 39 медалi бар, жаратылыстану-математикалық бағыт пәндерi бойынша «ЛОРД» лицейiнiң командасы үздiк атанды, 27 жүлделi орын.

Аудандар арасында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша ең үздiк ауылдық құрама команда атағына олимпиаданың 15 медалiн иеленген Есiл ауданының командасы, жаратылыстану- математикалық цикл пәндерiнен 11 медалiмен Ғ. Мүсiрепов ауданының командасы ие болды.

2019 жылы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен талантты жастарды қолдау мақсатында "EL UMITI" жобасы аясында "Елбасы медалi" бағдарламасы ұсынылды.

Оған қатысушылардың бiлiм беру гранттарын алуға, сондай-ақ жоғары бiлiмi бар кадрларды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша бiлiм алушылардың құрамына қабылдануына басым құқығы бар.

Жобаны iске асыру барысында Солтүстiк Қазақстан облысының өкiлдерi тапсырмаларды орындау мерзiмi мен сапасы бойынша көш басында.

Осы күнi бағдарламаның бiрiншi ағымындағы финалға шыққан 373 қатысушының 15-i марапатталды.

НАШИ  КОНТАКТЫ

150800, Республика Казахстан
СКО, район Магжана Жумабаева
город Булаево, улица Мира, 8

+7 (71531) 2-08-77

mzhroo2019@mail.ru