Облыста техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында оқушыларды, жастарды оқытуға тарту бойынша жүйелi жұмыс жүргiзiлуде.

Оқу бейiнiн таңдауда мектеп оқушыларына кәсiби бағдарлы қолдау көрсету, сондай-ақ колледждiң материалдық-техникалық жабдықталуы, болашақ мамандық туралы түсiнiк қалыптастыру мақсатында барлық колледждерде облыс мектептерiнiң оқушылары үшiн Ашық есiк күндерi өткiзiлдi.

Iс-шара барысында мектеп оқушыларына колледждер бойынша шолу экскурсиясы, мамандықтардың тұсаукесерiмен әңгiмелесу, сабақтарға қатысу, оқушылардың кәсiби артықшылықтарын анықтау бойынша сауалнама жүргiзу, колледждердiң табысты түлектерiн, әлеуметтiк серiктестердi тарта отырып, бейнероликтер көрсету кiретiн бағдарлама ұсынылды.

10 мыңнан астам оқушыны қамти отырып, 227 мектепте кездесулер өткiзiлдi; колледж сайттарында бейнероликтер, ақпараттық буклеттер, ШҚ, Instagram әлеуметтiк желiлерiнде жарнамалық бейнероликтер орналастырылды, кәсiби шеберлiк конкурстары өткiзiлдi.

Колледж оқытушылары қала және облыс мектептерiнде кәсiби бағдарлау жұмыстарын ZOOM форматында да, санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтай отырып, жеке бару арқылы да жүргiзедi.

Жұмыс барысында колледждерге түскiсi келетiндердiң тiзiмi (алдын ала) жасалды.

НАШИ  КОНТАКТЫ

150800, Республика Казахстан
СКО, район Магжана Жумабаева
город Булаево, улица Мира, 8

+7 (71531) 2-08-77

mzhroo2019@mail.ru